Зейнетақы жинақтарынан ақша алуға көмектесемін деп сан соқтырған алаяққа үкім кесілді

Деньги, тенге, калькулятор, национальная валюта, национальная валюта РК, национальная валюта Казахстана, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.04.2026 12:25 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Жамбыл облысында сот тұрғынды зейнетақы қаражатын алу сылтауымен алдаған адамға үкім шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жамбыл облыстық сотының мәліметінше, 2025 жылдың тамыз-қараша айлары аралығында сотталушы Мойынқұм ауданы тұрғынының сеніміне кіре отырып, оның зейнетақы жинақтарынан қаражат алуға жәрдемдесе алатынын білдірді. Жәбірленушінің заңды ақпаратсыздығын және оның сенімін асыра пайдаланып, ол оны қызмет көрсеткені үшін өз шотына ақша аударуға көндірді.

Нәтижесінде жәбірленушіге 4,8 млн теңгеден астам сомаға материалдық залал келтірілді, сотталушы оны жеке мақсатта пайдаланған. Кінә тараптардың айғақтарымен және істің басқа да материалдарымен дәлелденді.

Сотталушы кінәсін толық мойындап, істеген ісіне өкініш білдіріп, бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындауды сұрады. Сондай-ақ, жәбірленуші сотталушымен татуласқанын көрсетіп, бірақ материалдық залал толық өтелмегенін айтып, оны бас бостандығынан айырмауды өтінді.

"Сот үкімімен азамат ҚК 190-бабы 3-бөлігінің 1) тармағы бойынша кінәлі деп танылып, оған пробациялық бақылау белгілене отырып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды". Жамбыл облыстық соты

Үкім заңды күшіне енді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: