Бюджеттен 58 млн теңгеден астам қаржы жымқырған бухгалтерге үкім шықты
Фото: Zakon.kz
Ақмола облысында Жақсы ауданының прокуратурасы бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша бухгалтерге қатысты сот үкімін шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Аудан прокуратурасының мәліметінше, тексеріс барысында Жақсы ауданы ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөліміне қарасты "Аудандық мәдениет үйі" МКҚК қызметінде бухгалтердің бюджет қаражатын заңсыз иемденгені анықталған. Ол қаражатты өз банктік шотына аудару арқылы 58 млн теңгеден астам қаржыны жымқырған.
Аталған дерек бойынша прокуратура Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы ("Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету") бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастаған. Іс материалдары сотқа жолданған.
Сот үкімімен мәдениет үйінің бухгалтері 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Алайда Қылмыстық кодекстің 74-бабына сәйкес, жазаны өтеу 5 жылға кейінге қалдырылған. Үкім заңды күшіне енген жоқ. Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметі
Айта кетейік, бұған дейін Абай облысында аз қамтылған отбасылар мен мүгедек балалары бар отбасылар есебінен миллионер атанған азаматшаға қатысты да сот үкімі жарияланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript