Астанада жерасты туннелі күзге дейін жабылады
Сурет: Астана әкімдігі
Астанадағы Бараев көшесіндегі көлік жүретін жерасты туннелінде қабырға қаптамалары мен жиектастар жаңартылады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қалалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметінше, осыған байланысты 2025 жылдың 25 шілдесі мен 1 қыркүйегі аралығында аталған учаскеде көлік қозғалысы толықтай жабылады.
"Қала тұрғындары мен қонақтарынан жолда кептеліс болдырмау үшін бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жол жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды өтінеміз", - делінген басқарма хабарламасында.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript