Канадалық туристер Алакөлдегі полицей қызға алғыс білдірді

Канадалық туристер, полиция , сурет - Zakon.kz жаңалық 24.07.2025 19:40 Сурет: polisia.kz
Алакөл көлінде демалып жүрген Канада азаматтары туристік полиция қызметкерінен кеңес сұраған. Олар жергілікті демалыс ережелері мен заңдар туралы ақпарат алғысы келген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицей қыз ағылшын тілінде барлық қажетті мәліметті беріп, аймақтың картасы мен ескерту парағы бар брошюраны табыстаған.

Сонымен қатар су маңында өзін қауіпсіз ұстау және төтенше жағдайда не істеу керегін де түсіндірген.

"Қонақтар біздің қызметкеріміздің ықыласына ризашылығын білдіріп, Алакөлдің табиғаты мен курорттағы қызмет сапасына таңданғандарын айтты", - дейді полиция департаменті өкілдері.

Айта кетейік, туристік полицияның міндетіне демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен ақпараттық қолдау көрсету жатады. Бұл шетелдіктерге де, отандық туристерге де қатысты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: