Жоғалған ұлын тауып берген елордалық полицейге америкалық отбасы алғыс білдірді
Сурет: polisia.kz
Астанада Америкадан келген туристерге полицияның көмегі қажет болды, олар спорттық ойындарды тамашалап тұрғанда ұлдарын жоғалтып алған. Туристік полиция қызметкерлері жедел ден қойып, ата-анаға баланы тез табуға көмектесті, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ІІМ баспасөз қызметі Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына келген елорда қонақтары туристік полиция қызметкерлеріне көрсеткен көмегі үшін шын жүректен алғыс білдіргенін жеткізді. Полицияның үйлесімді жұмысының арқасында ұлын жоғалтып алған шетелдік ата-анаға көмек көрсетілді.
"Біз мұнда көшпенділер ойындарын тамашалау үшін Америкадан келдік. Біз осында келгенімізге өте қуаныштымыз, алайда ұлымды жоғалтып алып, көңілім түсіп кетті, оны қалай табамын деп қатты уайымдадым. Бақытымызға орай, осында ағылшын тілінде жақсы сөйлейтін полицейді кездестірдім. Мен оған жағдайды түсіндіре алдым және ол маған ұлымды табуға көмектесті. Сізге рақмет! ",– деп елорда қонағы шын жүректен алғысын білдірді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript