Неліктен қоғамдық орындарда бет-әлпетті жасыруға болмайды: полиция түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Полицейлер азаматтарды қоғамдық орындарда адамның түр-сипатын тануға кедергі келтіретін киімдерді киюге тыйым салуды көздейтін заңнамадағы өзгерістер туралы ақпараттандыру жұмыстарын бастады., сурет - Zakon.kz жаңалық 25.07.2025 09:04 Сурет: pixabay
Полицейлер азаматтарды қоғамдық орындарда адамның түр-сипатын тануға кедергі келтіретін киімдерді киюге тыйым салуды көздейтін заңнамадағы өзгерістер туралы ақпараттандыру жұмыстарын бастады.

Заңдағы жаңа норма 12 шілдеден бастап күшіне енді.

"Заңнамаға енгізілген өзгерістердің басты мақсаты – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, соның ішінде діни сенім бостандығын шектемей, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, адамдардың тұлғасын анықтау және қоғамдық тәртіпті сақтау", – деп түсіндіреді тәртіп сақшылары.

Учаскелік инспекторлардың айтуынша, тыйым адамның бет-жүзін толықтай жауып, тұлғасын анықтауға кедергі келтіретін киім түрлеріне қатысты. Мысалы бетперде, никаб сияқты киімдер. Ал бет-жүзді жаппайтын хиджаб, шейла, химар, аль-амира секілді киімдерға бұл норманың қатысы жоқ.

Бұл тыйым ауа райының жағдайына, медициналық көрсеткіштерге байланысты қолданылатын киімдерге қатысты емес.

Сондай-ақ бұл норма Қазақстан Республикасының заң талаптарын орындау, қызметтік (лауазымдық, еңбек) міндеттерді орындау, азаматтық қорғау, сондай-ақ спорттық, спорттық-бұқаралық және мәдени-бұқаралық іс-шараларға қатысатын адамдарға қолданылмайды.

Сондай-ақ учаскелік полиция инспекторлары түсіндіру жұмысы аясында азаматтарға өзге құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу шаралары туралы айтты. Атап айтқанда, полицейлер интернет-алаяқтардың алдау тәсілдері жөнінде ақпарат беріп, мұндай айлаға көбіне адамдардың қалай тап болатынын түсіндірді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: