Радардан тікұшақ жоғалып кетті: Қорғаныс министрлігінің түсініктеме берді

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.07.2025 15:21 Сурет: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
2025 жылдың 25 шілдесінде Алматы облысында Қарулы Күштер Әуе қорғанысы күштерінің ЕС-145 тікұшағы жоспарлы ұшу кезінде радардан жоғалып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі нақтылағандай, алдын ала мәлімет бойынша, бортта үш экипаж мүшесі болған.

2025 жылғы 25 шілдеде Алматы облысында жоспарлы ұшу барысында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің EC-145 тікұшағы радардан жоғалып кетті.

Алдын ала мәлімет бойынша, тікұшақ бортында үш экипаж мүшесі болған. Оқиға орнына Қорғаныс министрлігі мен ТЖД-ның күштері мен құралдары жұмылдырылып, іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілуде.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің тапсырмасы бойынша оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия аттанды.

"Қосымша ақпарат оқиғаны анықтау барысы бойынша берілетін болады." Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: