Қазақстанда күн күрт суытып, жауын-шашын болады

Небо, облачность, облако, облака, облачное небо, пасмурная погода, пасмурность, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.07.2025 11:57 Фото: unsplash
"Қазгидромет" РМК синоптиктері Қазақстан бойынша 2025 жылдың 29, 30 және 31 шілдесіне арналған ауа райы болжамын ұсынды. Мәліметтер бойынша, еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында қатты жаңбыр жауады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жарияланған мәлімдемеге сәйкес, айдың соңғы күндері Қазақстандағы ауа райы жағдайына үлкен циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар әсер етеді.

Осылайша, тұрақсыз ауа райы күтіледі: жаңбыр жауады, кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін.

"Солтүстік, солтүстік-батыс және орталық облыстарда, сондай-ақ оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жаңбыр жауып, екпінді жел соғады. "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі

Жалпы республика бойынша жел күшейеді, оңтүстік облыстарда шаңды дауыл соғады.

Айта кетейік, солтүстік облыстарда ауа температурасы +18...+23°С дейін төмендейді.

"Қалған аумақта температураның айтарлықтай ауытқуы болжанбайды", – деп түсіндірді метеорологтар.

Бұған дейін мамандар екі қала тұрғындарына қолайсыз метеорологиялық жағдай туралы ескерткен болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: