Астаналық алаяқтың арбауына түсіп, ақшасынан айырылды

Хакеры, программисты, кибербезопасность, мошенничество, мошенники, защита данных, взлом данных, личные данные, персональные данные, защита персональных данных, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.07.2025 12:41 Фото: freepik
Елордада полицияға жергілікті тұрғын арызданды. Оның айтуынша, өткен жылдың қараша айында өзінің автокөлігін сатуға қойған.

Көп ұзамай сатып алушы табылып, олар көлікті бөліп төлеу арқылы сату туралы келісімге келген. Алайда арада біраз уақыт өткен соң сатып алушы телефон қоңырауларына жауап бермей, жоғалып кеткен. Осылайша көлік иесі ештеңесіз қалған.

Жарты жылдан астам уақыт бойы жәбірленуші адвокаттар арқылы мәселесін шешуге тырысқан, алайда тек жақында ғана құқық қорғау органдарына жүгінген.

Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Нұра ауданының криминалдық полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтады. Ол – 31 жастағы азамат, алдау арқылы жәбірленушінің көлігін иемденіп алған. Келтірілген шығын көлемі шамамен 7 миллион теңгені құрайды.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркелді. Полиция азаматтарға абай болып, бейтаныс адамдарға сенбеуге кеңес береді. Алаяқтардың құрбанына айналмас үшін мәміле жасау кезінде сақ болыңыз.

Егер сізге қатысты құқыққа қарсы әрекеттер жасалған болса, бірден "102" нөміріне хабарласып, полицияға жүгініңіз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: