"Аэрофлот" жүйесіндегі ақау: Қазақстан бағытындағы рейстерге қалай әсер етті

"Аэрофлот" жүйесіндегі ақау: Қазақстан бағытындағы рейстерге қалай әсер етті, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.07.2025 17:07 Сурет: pixabay
2025 жылғы 28 шілде күні таңертең "Аэрофлот" әуе компаниясының ақпараттық жүйесінде техникалық ақау болды. Осыған байланысты әуе тасымалдаушы рейстер кестесіне мәжбүрлі өзгерістер енгізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жағдай Қазақстанға қатынайтын рейстерге қалай әсер еткені жөнінде ҚР Көлік министрлігі түсінік берді.

Министрлік мәліметінше, техникалық ақау "Аэрофлот" компаниясының Ресей ішіндегі әуе тасымалдарын реттейтін ішкі IT-жүйелерінде болған. Алайда бұл ақау халықаралық бағыттарға, соның ішінде Қазақстанға бағытталған рейстерге әсер етпейді.

"Қазақстанға/Қазақстаннан қатынайтын рейстер қолданыстағы кестеге сәйкес орындалып жатыр. Рейстерді тоқтату жоспарланбаған", - деп хабарлады ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі.

Соған қарамастан, Мәскеу – Астана – Мәскеу бағытындағы SU1962/1963 рейсі техникалық себептерге байланысты тоқтатылды.

"Барлық жолаушыға ескерту жасалды, олардың тасымалы SU1914/1915 рейсімен жүзеге асырылады. Рейс мәртебесі өзгерген жағдайда, барлық қызметтер қолданыстағы заңнама аясында көрсетіледі", - делінген министрлік хабарламасында.

Әуе компаниясы барлық жолаушыға өз рейстерінің мәртебесін алдын ала бақылап отыруды ұсынады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: