Жаңалықтар тізбегі
0

Өрт Астана әуежайының жұмысына қалай әсер етті

Астана әуежайында өрт орын алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.02.2024 11:28 Сурет: Астана халықаралық әуежайының баспасөз қызметі
2024 жылдың 27 ақпанында таңертең Астана халықаралық әуежайында өрт болды. Әуе айлағының баспасөз қызметі Zakon.kz тілшісіне оқиғаның ұшақтардың ұшып шығуы мен келу уақытына қалай әсер еткенін айтып берді.

27 ақпан таңғы 07:50-де Астана халықаралық әуежайының коммутациялық жүйесінен өрт шыққаны туралы хабарлама келді. 08:24-те өрт толықтай ауыздықталды. Өрт сөндіру кезінде қатты түтіннің пайда болуына байланысты әуежай терминалындағы барлық жолаушы қауіпсіз жерге эвакуацияланды.

20 негізгі техника, 3 арнайы техника және 58 адам өртке қарсы жұмысқа жұмылдырылды.

Астана халықаралық әуежайы ұшып келетін рейстерді қабылдауды тоқтатқан жоқ. Алайда Астана халықаралық әуежайынан ұшатын 18 рейс кешіктірілуде.

"Олар: КС205 Астана-Дубай, DV702 Астана-Шымкент, КС 952 Астана-Алматы, IQ389 Астана-Жезқазған, КС 7052 Астана –Алматы, DV783 Астана-Өскемен, КС 313 Астана-Ақтау, ТК 357 Астана-Ыстамбұл, DV 747 Астана-Павлодар, КС7341 Астана-Қостанай, DV821 Астана-Пулково, КС 852 Астана-Алматы, КС7315 Астана – Қызылорда, Lo196 Астана-Варшава, IQ367 Астана- Қостанай, DV716 Астана-Шымкент, IQ437 Астана-Петропавл, КС345 Астана-Өскемен." Астана халықаралық әуежайының баспасөз қызметі

Кешіктірілген рейстердің нақты ұшу уақыты белгісіз. Жағдай тұрақталғаннан соң рейстер қалыпқа келтіріледі. Қолайсыздық үшін жолаушыларымыздан кешірім сұраймыз.

Жолаушыларға Астана халықаралық әуежайының әкімшілігі су мен сусын ұсынуда. Алдағы уақытта әкімшілік жолаушыларды жеңіл тағаммен қамтамасыз етеді.

Астана уақытымен 10:48-де Астана халықаралық әуежайының Т2 Ішкі ұшулар терминалы қолданысқа берілді.

"Ішкі ұшулар терминалында жолаушыларды рейске тіркеу ашылды. Сондай-ақ халықаралық рейстер терминалын іске қосу жұмыстары жүріп жатыр. Әуежайдағы жұмысты жалғастыру төтенше жағдайлар министрлігінің мамандарының рұқсатымен мүмкін болды." Астана халықаралық әуежайының баспасөз қызметі

27 ақпан күні сағат 07:50-де әуежайдың коммутациялық орталығынан өрт шыққаны туралы хабар түсті. Өрт 10-15 шаршы метр электр сымдарын шарпыды, бұл №2 терминалдың серверлік бөлмесінде орын алды. Сағат 08:24-те өрт толығымен оқшауланды.

Өртті сөндіру кезінде қатты түтіннің салдарынан барлық терминал жолаушылары қауіпсіз жерге көшірілді.

Өртті сөндіруге 20 бірлік негізгі техника, үш бірлік арнайы техника және 58 адам жұмылдырылды.ерминалдың серверлік бөлмесінде орын алды. Сағат 08:24-те өрт толығымен оқшауланды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: