Алакөлде шомылып жүрген әйелді қайықпен жаншып өткен күдікті қамауға алынды

Алакөлде шомылып жүрген әйелді қайықпен жаншып өткен күдікті қамауға алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.07.2025 21:50 Сурет: видео скрині
Алакөлде адамды қайықпен қағып өлтірген күдікті қамауға алынды. Су бетінде жүйткіген жігіт шомылып жүрген әйелді жаншып өткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қайғылы оқиға Абай облысында болды. Марқұм Алакөлге демалуға келген екен. 60 жастағы әйелді суға шомылып жүрген сәтінде моторлы қайық қағып кеткен. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Су көлігінің астында қалған зейнеткер ауыр жарақат алып, сол жерде көз жұмды. Полиция көлде жүру қауіпсіздігі ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

"Алакөлде, жағадан шамамен 100 метр қашықта, катер су бетінде демалып жатқан әйелді қағып кеткен. Қайық жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу жүргізіліп жатыр. Оқиға орнын уәкілетті органдар тексеріп жатыр".Абай облысы ПД тергеу басқармасы бастығының орынбасары Ержан Телжанов
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: