31 желтоқсан Қазақстанда ресми демалыс күні бола ма - Еңбек министрлігінің жауабы
Фото: pexels
Бүгін, 2025 жылдың 29 шілдесінде өткен үкімет брифингінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері кейбір азаматтардың 31 желтоқсанды демалыс күні деп жариялау туралы өтініштеріне жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Журналистер қазақстандықтардың мерекеге дайындалу үшін 31 желтоқсанды ресми демалыс күні етіп белгілеуді бірнеше рет ұсынғанын еске алды. Олар бұл қаншалықты мүмкін болатынын сұрады.
"Менің білуімше, мұндай мәселе бүгінде қаралып жатқан жоқ", – деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқар Биахметов.
Оның жауабын ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаментінің басшысы Шалқар Оразбеков толықтырды.
"Біз бұған дейін бұл мәселені бірнеше рет қарастырдық, халықаралық тәжірибені зерттедік: барлық елдерде 31 желтоқсан жұмыс күні болып саналады, ал Ресейді қоспағанда, 1 және 2 қаңтар мереке және демалыс күндері болып табылады. Бүгінгі күні біз бұл мәселені (31 желтоқсанға демалыс күні мәртебесін беру туралы. – Ред.) қарап жатқан жоқпыз. Бірақ кәсіпорындардың өзі ішкі акт аясында оны толық емес жұмыс күні немесе демалыс күні ете алады, бірақ ресми деңгейде бұл қарастырылмаған", – деді ол.
Бұған дейін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқар Биахметов Қазақстанда тағы бір мереке – Энергетиктер күнінің пайда болу перспективалары туралы айтқан болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript