30 тамыз қазақстандықтар демала ма – Еңбек министрінің жауабы

Конституция РК, День Конституции РК, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.04.2026 13:13 Фото: akorda.kz
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев 2026 жылғы 21 сәуірде Үкімет брифингінде 30 тамыз күні қазақстандықтардың демалыс күні бола ма деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Бұған дейін 30 тамыз – Конституция күні ретінде атап өтіліп, ресми демалыс күні болған. Алайда биыл елде жаңа Конституция қабылдануына байланысты бұл күннің мәртебесі өзгерген.

Министрдің айтуынша, енді 30 тамыз демалыс күні болып саналмайды.

"Ал 30 тамызда қандай мереке? Демалыс болмайды. Бұл күн алынып тасталды, себебі жаңа Конституцияға сәйкес басқа күн белгіленген. 30 тамыз – жұмыс күні болады", – деді Асқарбек Ертаев.

Бұл мәселе бұған дейін Қазақстан Әділет министрлігінде де түсіндірілген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: