Доллар үшін 550 теңге: Ұлттық банк валюталық интервенцияларды жүзеге асыруды бастады

Доллар, доллары, тенге, обмен валют, обменник, обменники, курс доллара, курс доллара к тенге, повышение курса доллара, повышение доллара, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.07.2025 15:18 Фото: Zakon.kz
30 шілдедегі сауда-саттық барысында теңге бағамы АҚШ доллары үшін 550 теңгеге дейін жетіп, ай басынан бері 5,8%-ға, ал жыл басынан бері 4,7%-ға әлсіреді.

Валюта нарығындағы өтімділіктің өте төмен болуына және алыпсатарлық қысымның күшею белгілеріне байланысты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталық интервенциялар жүргізуге кірісті.

Негізгі экономикалық жағдайлар қолайлы болып қалуда:

  • мұнайдың әлемдік бағасы бір баррель үшін 70 АҚШ долларынан тұрақты түрде асып тұр,
  • АҚШ долларының жаһандық әлсіреу үрдісі сақталуда.

Осыған байланысты теңгенің қазіргі әлсіреуі іргелі факторларды көрсетпейді және ұлттық валютаның жеткіліксіз бағаланғанын білдіреді.

Ұлттық Банк биржалық және биржадан тыс валюта нарықтарындағы жағдайды мұқият қадағалап отырады және қажет болған жағдайда айырбастау бағамының тұрақсыздандырушы ауытқуларына жол бермеу, шетел валютасына сұраныс пен ұсыныс теңгерімін қалпына келтіру, сондай-ақ валюта нарығының қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін шұғыл шаралар қабылдауға дайын.

Ұлттық Банк транспаренттілік қағидаты аясында валюта нарығындағы барлық операциялар туралы толық ақпаратты жариялап отырады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: