Түркістан облысын сумен қамтуға үкімет арнайы қордан 20 миллиард теңге бөлді

Туркестан, город Туркестан, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.07.2025 16:29 Фото: primeminister.kz
Түркістан облысында қайтарылған қаражат есебінен ауылдарды сапалы сумен қамту жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2025 жылғы 30 шілдеде Қазақстан Республикасы Үкіметінің баспасөз қызметі хабарлады:

Үкімет Түркістан облысында сумен жабдықтау желілерін салуға және жаңғыртуға Арнаулы мемлекеттік қордан 20 млрд-тан астам теңге бөлді.

Қазір өңірде құны 5 млрд теңге болатын Шардара топтық су құбырын салу жұмыстары жүріп жатыр. Қор қаражатынан Жібек жолы, Шеңгелді, Ақ үй, Қаратөбе, Жуантөбе, Жаңадәуір, Есікқорған, Құйған, Ақсу ауылдарындағы сумен жабдықтау жобаларына 4,2 млрд теңге бөлінді.

Ауылдық елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары Сарыағаш, Қазығұрт, Келес, Ордабасы және Отырар аудандарында да жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Сарыағаш ауданындағы магистральді су құбырын жаңарту жұмыстарын аяқтау үшін Арнаулы мемлекеттік қордан 2,5 млрд теңгеден астам қаражат бөлінгені хабарланған еді. Бұл жоба 260 мыңнан астам халқы бар 66 ауылды орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне қосуға мүмкіндік береді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: