Ақтөбеде көлік нөмірін жасыру мақсатында құрылғы орнатқан жүргізушісі анықталды

Ақтөбеде Lexus жүргізушісі өз көлігін арнайы құрылғымен жабдықтап, мемлекеттік нөмірлерді жасыруға тырысқан. , сурет - Zakon.kz жаңалық 01.08.2025 13:29 Сурет: ҚР ІІМ
Ақтөбеде Lexus жүргізушісі өз көлігін арнайы құрылғымен жабдықтап, мемлекеттік нөмірлерді жасыруға тырысқан.

Аталған құқық бұзушылық Батыс-2 ықшам ауданында бейнежазбаға түсіп, әлеуметтік желілерде кеңінен тарады.

Әлеуметтік желілерді мониторингтеу барысында тәртіп сақшылары жүргізушінің жеке тұлғасын анықтап, оған қатысты әкімшілік іс қозғады.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, көлік құралын мемлекеттік тіркеу нөмірін әдейі жасыру, өзгерту немесе бұрмалауға мүмкіндік беретін техникалық құралдарды пайдалану жауапкершілікке әкеп соғады.

Полиция әлеуметтік желілерге тұрақты түрде мониторинг жүргізілетінін еске салады.

Мұндай бақылау жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілерін анықтауға және жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: