Димаш Құдайберген қарындасының ұзату тойында ән арнап, елді жылатты
Сурет: Instagram/raushan_kudaibergen
2025 жылғы 1 тамыз, жұма күні Димаш Құдайбергеннің 24 жастағы қарындасы Раушан Құдайберген тұрмысқа шықты. Халық әртісі қарындасына арнап арнайы жазылған "Қарлығашым ұя салғанда" әнін орындап, қонақтарды толқытты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Жол мұраты — жету, қыз мұраты – кету" дейді қазақ халқы. Оны ұғынсақ та, бауыр етінен жұлып алғандай етіп қарындасты өзге жұртқа аттандыру кімге болса да оңай емес екен?! Дегенмен, теңін тауып, ата-анасының, туған-туыстарының ризашылығымен кетіп бара жатқаны көңілге қуаныш ұялатады. Қолымыздан ұшып бара жатқан қызымыздың қонған жері құтты болсын! Барған еліне тастай батып, судай сіңсін! Құдай қосқан жарына бақ болып қонсын, қосағымен қоса ағарсын!", - деп жазды Димаш.
Ол бауыры Мансұрмен бірге қалыңдық пен күйеу жігітке арнап "Қарлығашым ұя салғанда" атты ән дайындағанын айтты.
"Раушантайыма Мансұр ініммен бірге "Қарлығашым,ұя салғанда…" атты әнімді ақжүрек тілегіміз ретінде қабыл алғайсың! Жүректегі сағыныш пен қимастықты осы әннің өн-бойынан көрсеткіміз келді. Бақытты бол,қарлығашым менің! Көкесінің жүрегі!", - деді Димаш Құдайберген.
Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің 24 жастағы қарындасы Раушан Құдайберген тұрмысқа шығатыны бірнеше ай бұрын белгілі болған еді. Ал 2025 жылғы 1 тамызда Раушан әлеуметтік желіде қазақтың дәстүрлі "құдалық" рәсімінен түсірілген әсерлі суреттерін бөлісті.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript