Эльмира Сыздықова әйелдер күресінен Польшадағы турнирде күміс медаль жеңіп алды

Эльмира Сыздықова әйелдер күресінен Польшадағы турнирде күміс медаль жеңіп алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.08.2025 11:03 Сурет: olympic.kz
Қазақстандық балуан Эльмира Сыздықова әйелдер күресінен Польшаның Варшава қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирдің финалына дейін жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Спортшы бұл жарыста 76 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғады. Жартылай финалда Сыздықова италиялық Энрика Ринальтиден басым түсіп, финалға жолдама алды.

Алайда шешуші белдесуге қатыспай, турнирден бас тартты.

Нәтижесінде Эльмира Сыздықова Польшадағы турнирде күміс жүлдегер атанды. Сонымен қатар Қазақстан құрамасының қоржынына тағы бір медаль түсті. 55 келіге дейінгі салмақта Зульфия Яхиярова қола жүлде жеңіп алды.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: