Эльмира Сыздықова күрестен Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Эльмира Сыздықова, күрес, Жапония, Азия ойындары, күміс медаль, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.10.2026 18:21 Сурет: Нұрғали Жұмағазы
Қазақстандық балуан Эльмира Сыздықова күрестен Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

76 келіге дейінгі салмақтың финалында отандасымыз жапониялық Юка Кагамимен жолықты.

Белдесу 5:1 есебімен Жапония өкілінің пайдасына аяқталды.

Ал Эльмира Сыздықова Азиаданы күміс медальмен қорытындылады.

Айта кетейік, бұл - Эльмира Сыздықованың Азия ойындарындағы екінші жүлдесі. Бұрымды балуанымыз бұған дейін Джакарта-2018 ойындарында қола медаль алған.

Бүгін қазақстандық еркін күрес шебері Едіге Қасымбек және әйелдер күресінен Зейнеп Баянова Аичи мен Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында қола медаль жеңіп алған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: