Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің аралық қорытындылары жарияланды

Магистратура, кешенді тестілеу, аралық қорытынды , сурет - Zakon.kz жаңалық 04.08.2025 17:30 Сурет: pixabay
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі 2025 жылы 4 тамызда магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің аралық қорытындыларымен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұсынылған ақпаратқа сәйкес, тестілеу басталғалы 39 мыңнан астам адам магистратураға түсу үшін КТ тапсырды. 

"Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша түсушілердің 52%-ы, бейінді бағыт бойынша 21%-ы шекті балл жинады. Ғылыми- педагогикалық бағыт бойынша орташа көрсеткіш 78 балды, бейінді бағыт бойынша 23 балл болды. Ең жоғары балл – 139". ҚР ҒЖБМ баспасөз қызметі

Тестілеу басталғалы 99 қатысушының нәтижесі жойылды. Оның ішінде 67 оқуға түсуші смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өтуге тырысқаны үшін тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Кешенді тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 31 адам шығарылып, олардың нәтижелері жойылды. Тестілеуге кіргізу барысында 1 бөгде адамның тестілеуге кіру әрекеті анықталды.

Тестілеу нәтижелерімен келіспеген жағдайда онлайн-апелляцияға беру мүмкіндігі қамтамасыз етілген. Тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде оқуға түсуші бірден апелляцияға өтініш бере алады. Апелляция жеті жұмыс күні ішінде қаралады. Сертификат апелляция туралы шешім қабылданғаннан кейін тестіленушінің жеке кабинетінде қолжетімді болады.

Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша магистратураға түсу үшін кемінде 75 балл, бейіндік бағыт бойынша кемінде 30 балл жинау қажет.

Естеріңізге сала кетсек, магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге 51 мыңнан астам өтініш келіп түсті. Магистратурада оқуға 13 мыңнан астам грант бөлінді. Биыл магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеу 21 шілдеде басталды және 7 тамызға дейін жалғасады.

Айта кетсек, 2025 жылы 23 шілдеде Қазақстанда магистратураға қабылдаудың негізгі мерзімі жарияланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: