Қазақстанда магистратураға қабылдаудың негізгі мерзімі жарияланды
Фото: Zakon.kz
Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі бүгін, 2025 жылғы 23 шілдеде магистратураға түсуге ниет білдірген қазақстандықтарға жүгінді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Болашақ студенттерге 2025-2026 оқу жылына қабылдау күнтізбесі ұсынылды.
Кешенді тестілеу: 21 шілдеден 10 тамызға дейін.
- Білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысуға өтінімдер: 12-18 тамыз аралығында.
- Оқу ақысы негізінде білім алуға өтініштер: 15-28 тамыз аралығында.
- Грант иегерлерінің тізімін жариялау: 25 тамызға дейін.
- Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына (ЖОО) қабылдау: 28 тамызға дейін.
Сондай-ақ, өзекті ақпаратты жоғары оқу орындарының ресми сайттары мен парақшаларынан қарап, нақтылап отыру керектігі айтылды.
Бұған дейін мамандандырылған спорт сыныптарында оқу ережелері бекітілгені белгілі болды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript