Сауда министрлігі зергерлік бұйымдарға таңба енгізудің себебін түсіндірді

Ярмарка, ремесло, ремесленники, орнамент, ювелирные изделия, национальные украшения, национальный стиль, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.08.2025 14:57 Фото: akorda.kz
2025 жылғы 5 тамызда Сауда және интеграция министрі Арман Шаккалиев үкіметтегі баспасөз конференциясында Қазақстанда зергерлік бұйымдарға міндетті маркировка енгізудің маңызын айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Журналистер міндетті маркировка енгізілгеннен кейін бағаның өсетініне қатысты сұрақ қойды.

"Маркировканы біз бағасын өсіру үшін енгізіп отырған жоқпыз, таңбалаудың мультипликативті әсері бар. Біріншіден, бұл – көлеңкелі экономикамен күрес. Шын мәнінде зергерлік бұйым өндірушілер үшін бұл заңсыз өнімдерді айналымнан шығарып, заңды сатуларын арттырудың бір тәсілі", – деді Арман Шаккалиев.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін премьер-министр Олжас Бектенов Сауда және интеграция министрлігіне маркировканың маңыздылығы мен оң әсері туралы бизнесті жақсырақ хабардар ету қажеттігін айтқан болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: