Түркістан облысында полицейлер егіс алқабына егілген қарасора өсімдігін анықтады

Түркістан облысында полицейлер 70-тен астам қарасора өсімдігін тәркіледі, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.08.2025 12:28 Сурет: ҚР ІІМ
Түркістан облысында полицейлер 70-тен астам қарасора өсімдігін тәркіледі.

"Қарасора-2025" жедел-алдын алу шарасын өткізу аясында Түркістан облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі өсімдіктерін заңсыз егу дерегін анықтады.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде полицейлер Түлкібас ауданының тұрғындарынан егіс алқабында егілген қарасора тәрізді 75 түп өсімдігін тапты.

Алынған өсімдіктер сараптамаға жіберілді.

Қазіргі уақытта құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді өсіруге тыйым салынған заңсыз өсіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Істің барлық мән-жайлары анықталып жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: