Түркістан облысында полицейлер жасөспірімдерге қатысты құқық бұзушылықтарды анықтады

Полиция, полицейский, полицейские, патрульная полиция, патруль, сотрудники полиции, правоохранительные органы, погоны, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.06.2026 15:24 Фото: Zakon.kz
Түркістанда полицейлер бір айда кәмелетке толмағандар арасында 270-тен астам құқық бұзушылықтың жолын кесті.

Түркістан облысында кәмелетке толмағандар мен жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ олардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта тұрғын үйден тыс болуын болдырмау мақсатында полицейлер тұрақты түрде түнгі рейдтік іс-шаралар өткізуде.

Рейд барысында ойын-сауық орындары, көшелер және басқа да қоғамдық орындар тексерілуде. Ал кәмелетке толмағандармен және олардың заңды өкілдерімен заңнама талаптарын сақтау және оларды бұзғаны үшін жауапкершілік шаралары бойынша түсіндірме шаралары атқарылуда.

Мәселен маусым айында полиция қызметкерлерімен 273 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін 50 ата-ана жауапкершілікке тартылды. Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болуының 13 фактісі жойылды.

Бұдан бөлек кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта тұрғын үйден тыс не ойын-сауық орындарында болуының 200 фактісі анықталды, сондай-ақ 10 өзге де құқық бұзушылықтың жолы кесілді.

Өз кезегінде полицейлер ата-аналарды балаларының бос уақытын бақылауға және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдауға шақырады. Осы бағыттағы профилактикалық іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасатын болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: