Ұлттық ядролық орталық пен Ядролық физика институтының атаулары өзгертілді
Сурет: Zakon.kz
ҚР Үкіметінің 2025 жылғы 4 тамыздағы "ҚР мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" ҚР Президентінің 2025 жылғы 18 наурыздағы Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысы қабылданды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атап айтқанда, келесілердің атаулары өзгертілді:
- ҚР Энергетика министрлігінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы атом энергиясы жөніндегі агенттігінің құрамындағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына айналды;
- ҚР Энергетика министрлігінің "Ядролық физика институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы атом энергиясы жөніндегі агенттігінің құрамындағы "Ядролық физика институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып өзгертілді.
Қазақстан Республикасы атом энергиясы агенттігі мынадай мәртебелерге ие болды:
- ҚР атом энергиясы агенттігінің құрамындағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны мен "Ядролық физика институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын басқаруға өкілетті мемлекеттік басқару органы ретінде;
- уран барлау саласындағы кен пайдаланудың өкілетті органы ретінде;
- уран өндіру саласындағы кен пайдаланудың өкілетті органы ретінде.
Қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript