Скринингке және сақтандыруға демалыс: Қазақстандықтар жұмыс берушінің міндеттері туралы не білуі керек

Интернет, сеть, цифровизация, цифровые технологии, digital, современные технологии, цифровизация, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.08.2025 16:14 Фото: freepik
Қазақстанда жұмыс беруші қызметкерге скринингтен өту үшін әлеуметтік демалыс беруге және оны еңбек міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан сақтандыруға міндетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2025 жылғы 6 тамызда Жетісу облысының прокуратурасы еске салды:

"Еңбек кодексіне сәйкес, қызметкерлерге жыл сайынғы скринингтік зерттеулерден өту үшін әлеуметтік демалыс берілуі тиіс... Сонымен қатар, жұмыс беруші қызметкерді еңбек міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан сақтандыруы қажет", – делінген прокуратура хабарламасында.

Аймақтық қадағалау органының мәліметінше, Қаратал ауданындағы медициналық мекемелермен салыстыру барысында соңғы екі жыл ішінде 90-нан астам қызметкердің скринингтік тексеруден өтпегені және оларға жұмыс беруші тарапынан әлеуметтік демалыс берілмегені анықталды. Сонымен қатар, 70 қызметкерде еңбек қызметі кезінде жазатайым оқиғалардан сақтандыру шарты болмағаны белгілі болды.


"Қаратал ауданы прокуратурасының қадағалау актісінің нәтижесінде азаматтардың құқықтары қалпына келтірілді, үш жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылды", – деп қорытындылады Жетісу облысының прокуратурасы.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: