Жұмыссыз азаматтардың МӘМС-ке қатысу мүмкіндігі артады

Обязательное социальное медицинское страхование, медицинское страхование, медицинская страховка, ОСМС, врач, врачи, доктор, доктора, медик, медики, медицина, здравоохранение, медстрахование, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.08.2025 14:54 Фото: Zakon.kz
Келесі жыл республикалық бюджеттен өңір әкімдіктеріне 32 млрд теңге бөлінеді. Бұл қаражат жұмыссыздар мен әл-ауқаты төмен азаматтарды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырумен қамтамасыз етуге жұмсалады.

Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, қосымша 1 миллионға жуық азамат жоспарлы медициналық көмекпен қамтылады, деп жазады qazaqstan.tv.

Бұл халықтың денсаулығын жақсартуға және жалпы ұлттық әл-ауқатты арттыруға сеп болмақ. Жүйенің тағы бір жаңашылдығы енді жоғарғы шектеу алынып тасталады.

"Қазіргі таңда ол жоғарғы шектеу ең төменгі жалақыға тең болатын. Шамалы теңсіздік болатын. Мысалы, 200 мың теңге алатын адам 4 мың төлейтін болса, 850 мың алатын адам ол 17 мың теңгеден аспайды. 2 млн алса да, 17 мыңнан аспайтын. Енді сол әділеттілікті қайтадан орнатып, жоғарғы деңгей алып тасталып отыр. Ол осы жүйеге 200 млрд теңгедей алып келеді. Жаңа жүйеге 1 млн адам келеді дедік қой. Сол жарналарына да, бәріне жетеді деп ойлаймыз." Ләззат Шоманова, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің департамент директоры
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: