Киберполицейлер 102 млн теңгеге интернет-алаяқтық ұйымдастырғандарды ұстады

Ақмола облысының CyberPol бөлінісінің қызметкерлері Болгария азаматын 102 миллион теңгеге алдаған қылмыстық топтың мүшелерін ұстады, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.08.2025 09:59 Сурет: ҚР ІІМ
Ақмола облысының CyberPol бөлінісінің қызметкерлері Болгария азаматын 102 миллион теңгеге алдаған қылмыстық топтың мүшелерін ұстады.

Шетелдік азамат мамыр-маусым айларында интернет-алаяқтардың құрбанына айналған. Қаскөйлер өздерін банк қызметкерлері ретінде таныстырып, жәбірленушіні ірі көлемдегі ақшаны бөгде адамдардың шотына аударуға көндірген.

Түскен арыз бойынша полицейлер қылмыстық іс қозғап, цифрлық технологияларды пайдалана отырып, жедел-іздестіру шараларын жүргізді.

Нәтижесінде қылмыстың екі ұйымдастырушысы анықталды. Олар Павлодар облысының тұрғындары. Сонымен қатар қылмыстық схеманың тағы төрт ықтимал қатысушысы белгілі болды.

Ұсталғандар Павлодар қаласында өткен "Контрафакт" жедел-алдын алу іс-шарасы аясында қолға түсті.

Алдын ала мәлімет бойынша күдіктілердің Көкшетау қаласы мен Қорғалжын ауданында болған екі ұқсас алаяқтық фактісіне де қатысы болуы мүмкін.

Басқа жәбірленушілерді анықтау жұмыстары жүргізілуде. Тінту барысында ұялы телефондар мен қаражаттың бір бөлігі тәркіленді. Барлық күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: