Ақтауда 54 жастағы есірткі сатушыны арнайы жасақ ұстады

Ақтауда 54 жастағы есірткі сатушыны арнайы жасақ ұстады, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.08.2025 12:01 Сурет: pexels
Ақтауда 54 жастағы есірткі сатушыны арнайы жасақ ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға 31 шілдеде болғанымен, ер адамның ұсталған сәтінде түсірілген видео енді ғана жарияланды, деп жазды Lada.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға қаладағы 6-шағын ауданда болған.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері "Бүркіт" арнайы бөлімшесімен бірге 54 жастағы жергілікті тұрғынды ұстаған. Тінту кезінде одан есірткі заттары табылды. Сонымен қатар медициналық сараптама ер адамның есірткіге мас күйінде болғанын анықтады.

Ұсталған азаматқа ҚР ҚК 296-бабы 2-бөлігі ("Есірткінің заңсыз айналымы") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сондай-ақ ҚР ӘҚБтК 440-1-бабы ("Есірткіні медициналық емес мақсатта қолдану") бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: