Ақтауда арнайы жасақ сарбаздары шетелдік азаматты ұстады

Есірткі бизнесі, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.01.2023 18:06 Сурет: Instagram/shekaraknbkz
Ақтауда күштік құрылым қызметкерлері шетелдік азаматты ұстады. Оған есірткі таратуға қатысты бар деген күдік келтіріліп отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комиетінің хабарлауынша, 2022 жылы желтоқсанда Ақтау қаласында облыстық прокуратураның көмегімен Шекара қызметі департаментінің әскери қызметшілері Маңғыстау облысы бойынша ҰҚКД бірге ІІМ "Бүркіт" арнайы мақсаттағы бөлімшесінің мүмкіндігін пайдалана отырып, есірткі заттарын таратуға қатысы бар деген күдікпен шетел азаматын ұстады.

Құзырлы ведомство атап өткендей, тексеру барысында 1 келіге жуық "апиын-шикізат" есірткі заты, газды тапанша, және аңшы пышағы тәркіленді.

Шетел азаматына қатысты ҚР ҚК 297 бабының 3 тармағына сәйкес (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) қылмыстық іс қозғалды.

Өзге да мәліметтер тергеу мүддесіне сәйкес жария етуге жатпайды. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: