Синоптиктер 10 тамызда Қазақстанның қай өңірінде нөсер жаңбыр жауатынын айтты

Синоптиктер 10 тамызда Қазақстанның қай өңірінде нөсер жаңбыр жауатынын айтты, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.08.2025 16:01 Сурет: unsplash
Синоптиктер 10 тамызда Қазақстанның қай өңірінде нөсер жаңбыр жауатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, бұл күні антициклон әсерінен елдің басым бөлігінде жауын-шашын болмайды. Тек бір ғана өңір ерекшелік болмақ.

"Елдің батысында ғана атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Республика бойынша жел күшейеді, ал түнде және таңертең солтүстік пен шығыста тұман түседі", - делінген синоптиктер таратқан хабарламада.

Жексенбі күні күндіз Түркістан облысында ауа температурасы +40 градусқа дейін көтеріледі.

Маңғыстауда +38 градус, ал Алматы және Жетісу облыстарында +35…+38 градус, Жамбыл облысында +39 градус ыстық болады.

Синоптиктер бұған дейін Алматыдағы алдағы аптадағы ауа райына алдын ала болжам жасаған еді. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: