"Күн қайта қызады". Еліміз бойынша 11 тамызға арналған ауа райы болжамы
Сурет: pixabay
Синоптиктердің болжамы бойынша, 2025 жылы 11 тамызда, дүйсенбіде Қазақстандағы ауа райын антициклон анықтайтын болады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оның әсерінен еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болмайды.
"Тек Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты найзағай ойнап, бұршақ түседі, қатты жел соғады, жаңбыр жауады", - дейді "Қазгидромет" РМК.
Республикамыз бойынша жел екпін алады деп күтіледі, түнде және таңертең солтүстікте, орталықта тұман болады, күндіз еліміздің оңтүстігінде шаңды дауыл болады.
Күндіз Түркістан, Жамбыл және Қызылорда облыстарында сынап бағаны 40 градусқа дейін көтеріледі деп болжанады.
Алматы облысы мен Жетісу облысында сынап бағаны +35...+37 градусқа дейін, ал Ұлытау облысында +35...+36 градусқа дейін жоғарылайды.
Дүйсенбіде Алматы облысының батысында, солтүстігінде және орталығында өте ыстық болады деп болжанады. Сынап бағаны 41 градусқа дейін көтеруілуі мүмкін.
Бұған дейін синоптиктер еліміз бойынша тамыз айына арналған ауа райы болжамымен бөліскен болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript