2025 жылдың тамыз айына арналған ауа райы болжамы

Дождь, дожди, осадки, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.08.2025 14:55 Фото: pixabay
Қазақстанда 2025 жылдың тамыз айында тұрақсыз ауа райы күтілуде - найзағай ойнап, кей жерлерде қатты жаңбыр жауады, сондай-ақ ауа температурасының құбылуы - күрт суытудан +4°С-тан 42 градусқа дейін ыстық болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі ұсынған ағымдағы жылдың жаздың соңғы айындағы республика бойынша ауа райы болжамында айтылған:

"Тамызда ай тұрақсыз ауа райымен басталады. Республика бойынша атмосфералық фронттардың өтуімен күн күркіреп, жаңбыр жауады, солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста, орталықта, елдің оңтүстік-шығысында және шығысында таулы аймақтарда қатты жаңбыр, бұршақ, желдің күшеюі, оңтүстікте желдің ұйытқуы күтіледі."

Болжам бойынша тамыз айының бірінші онкүндігінде:

  • Республиканың батысында және оңтүстік-батысында ауа температурасы түнде +18+28°C-тан +13+20°C-қа дейін төмендейді, күндіз – қатты ыстықтан +33+41°C-тан +25+33°C-қа дейін;
  • Қазақстанның солтүстік-батысында ауа температурасы түнде +7+20°С-тан +13+28°C-қа дейін көтеріледі, күндіз +21+35°C-тан +27+38°C-қа дейін ауытқиды;
  • Республиканың солтүстігінде, орталығында және шығысында ауа температурасы түнде +5+13°C-тан +12+20°C-қа дейін, күндіз +15+22°C-тан +25+35°C-қа дейін ауытқиды деп күтілуде;
  • Республиканың оңтүстік облыстарында ауа температурасы түнде +10+17°C-тан +18+25°C-қа дейін көтерілсе, күндіз +28+38°C-тан +33+40°C-қа дейін қатты ыстық болады.
"Тамыз айының екінші және үшінші онкүндігінде температураның ауытқуы байқалады: ыстық күндер салқын және жаңбырлы күндерге ауысады". "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі

Синоптиктердің мәліметінше, айдың екінші және үшінші онкүндігінде ауаның негізгі фондық температурасы:

  • батыс облыстарда түнде +11+17°C, күндіз +21+27°C, кей күндері ауа температурасы түнде +18+26°C, күндіз +28+35°C дейін, Маңғыстау облысында +40°C дейін көтеріледі деп күтілуде;
  • республиканың солтүстік облыстарында және шығысында ауа температурасы түнде +4+10°C-тан +12+18°C-қа дейін, күндіз +16+23°C-тан +24+32°C-қа дейін ауытқиды деп күтілуде;
  • Республиканың орталығында және оңтүстік-шығысында – ауа температурасы түнде +6+13°С-тан +15+20°С-қа дейін, күндіз – +19+28°С-тан +28+36°C-қа дейін құбылады, республиканың оңтүстігінде кей күндері ауа температурасы күндіз +33+42°С-қа дейін көтеріледі.

"Ескерту: ай сайынғы болжам кеңес беру ретінде пайдаланылуы керек, ол кейіннен синоптикалық жағдайдың өзгеруіне қарай түзетіледі және онкүндікке арналған ауа райы болжамымен жаңартылады", – деп қорытындылады "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.

Бұған дейін синоптиктер Астана мен Атырау тұрғындарына ескерту жасаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: