Шығыс Қазақстанда электр энергиясына қатысты ірі көлемдегі қаржылық қылмыс әшкереленді

Линии электропередач, электричество, электроэнергия, электроэнергетика , сурет - Zakon.kz жаңалық 11.08.2025 15:11 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Қаржылық мониторинг агенттігінің (ҚМА) және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменттері 9 миллиард теңгеден астам сомаға электр энергиясының заңсыз сатылған фактісін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, майнинг кәсіпорындарына электр энергиясын сату тек бірыңғай мемлекеттік сатып алушы арқылы және 1 мегаватт-сағаттан аспайтын көлемде ғана жүзеге асырылуы тиіс.

Алайда бірқатар энергиямен жабдықтаушы компаниялар екі жыл қатарынан халыққа, әлеуметтік нысандар мен стратегиялық маңызы бар кәсіпорындарға арналған электр энергиясымен майнинг кәсіпорындарын заңсыз түрде қамтамасыз етіп келген.

Жалпы қолды болған электр энергиясының көлемі 50 мегаватт-сағаттан асады. Бұл 50–70 мың халқы бар қаланың энергия тұтынуымен тең көрсеткіш.

Қылмыстық жолмен алынған табысқа ұйымдастырушы елордадан 2 пәтер және 4 автокөлік сатып алған. Олар мүмкін болатын тәркілеу мақсатында сот санкциясымен бұғатталды.

Тергеп-тексеру жалғасуда.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: