Елена Рыбакина US Open-2025 турниріндегі образын таныстырды

Елена Рыбакина, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.08.2025 18:54 Сурет: Instagram/LenaRybakina
24 тамызда Нью-Йоркте маусымдағы соңғы "Үлкен дулыға" турнирі – АҚШ ашық теннис чемпионаты басталады. Онда әлемнің мықты теннисшілері өнер көрсетеді, олардың қатарында қазақстандық Елена Рыбакина да бар, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан әйелдер құрамасының лидері әрі әлемнің 10-ракеткасы жанкүйерлеріне Нью-Йорк корттарында киетін формасын көрсетті.

Киім жиынтығы ақ түсті, алдыңғы бөлігінде және киімнің жоғарғы жағындағы екі қапталында ашық қызғылт сары түсті контрастты қосымшалармен әрленген. Жағасы дөңгелек, алдыңғы жағында қысқа ілгек бар.

Алдағы турнирде Елена жаңа ақ түсті, қара күнқағарлы кепка киеді.

Қазір қазақстандық спортшы АҚШ-тың Цинциннати қаласындағы хард корттарында өтіп жатқан беделді әйелдер "Мастерс" турнирінде сәтті өнер көрсетіп жүр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: