Алматы облысының тұрғыны жүгері алқабының арасына жасырын есірткі өсірген

Полицейлер жүгері алқабының арасына жасырын есірткі өсірген тұрғынды әшкереледі, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.08.2025 20:11 Сурет: polisia.kz
Алматы облысында полицейлер жүгері алқабының арасына жасырын есірткі өсірген тұрғынды әшкереледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

15 тамызда "Қарасора-2025" жедел-алдын алу іс-шарасы аясында Алматы облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ҰҚК департаментімен бірлесіп Еңбекшіқазақ ауданында арнайы операция жүргізді.

Операция нәтижесінде 36 жастағы жергілікті тұрғын ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді.

Тексеру барысында жалпы аумағы 4,5 гектар болатын шаруа қожалығының жерінен жасырын плантация анықталды. Жүгері алқабының арасында 233 түп қарасора егілгені белгілі болды. Сонымен қатар арнайы жасырылған жерден марихуана тұқымдары салынған 58 пробирка тәркіленді.

"Тәркіленген өсімдіктер сот-химиялық сараптамаға жолданды. Сараптама қорытындысына сәйкес, олардың жалпы салмағы 49 келіден асты. Қазіргі таңда күдікті Шелек қаласының полиция бөліміне жеткізіліп, оған қатысты қылмыстық іс қозғалды", - дейді полиция өкілдері.
Полицейлер жүгері алқабының арасына жасырын есірткі өсірген тұрғынды әшкереледі, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.08.2025 20:11

Сурет: polisia.kz

Ведомство кез келген есірткі айналымына қатысты заңсыз әрекеттердің қатаң қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін қатаң ескертті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: