Камрань – Астана рейсінің жолаушысы қамауға алынды

Камрань – Астана рейсінің жолаушысы қамауға алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.08.2025 18:50 Сурет: polisia.kz
Камрань – Астана бағытымен ұшқан әуе рейсі елорда әуежайына қонғаннан кейін, 30 жастағы Астана тұрғынының ұсақ бұзақылық әрекеті әшкереленіп, акт бойынша әуе кемесінен түсірілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Желілік полиция қызметкерлерінің анықтауынша, ер адам ұшу барысында алкогольдік масаң күйде болып, дөрекі сөздер айтып, экипаж мүшелерінің заңды талаптарына бағынбаған.

Тәртіп сақшылары құқық бұзушыны қоғамдық орындарда мас күйінде жүру және әуе кемесінде мінез-құлық ережелерін сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартып, айыппұл салды.

Сонымен қатар сот шешімімен ол ұсақ бұзақылық жасағаны үшін бес тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Еске салайық, бұған дейін Алматы әуежайында рейстерін күтіп тұрған екі шетелдік ұсталғанын жазған едік.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: