Өскеменде рақымшылыққа ілінген зейнеткер бостандыққа шықты

Өскеменде рақымшылыққа ілінген зейнеткер бостандыққа шықты, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.08.2025 22:48 Сурет: Zakon.kz
Шығыс Қазақстан облысында 61 жастағы зейнеткер ер адам бостандыққа шықты. Ол ҚР Конституциясының 30 жылдығына орай жарияланған рақымшылыққа ілінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Зейнеткер бұған дейін алаяқтық бабы бойынша сотталып, түзеу мекемесінде төрт жылға жуық уақыт жазасын өтеген. Осы аралықта ол өзін жақсы қырынан көрсетіп, еңбекке араласып, білім алып, аспаз мамандығы бойынша диплом иеленген.

Осы уақыт ішінде ер адамды әпкелері қолдап келген. Олардың жасы 80-ге таяп қалса да, інісін бір сәтке де жалғыз қалдырмай, тұрақты түрде кездесуге келіп тұрған.

Шығыс Қазақстан облысы қылмыстық-атқару жүйесі департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, бостандыққа шыққан сәтте әпкелері оны Өскемендегі үйіне алып кетіп, енді бір шаңырақ астында тұратынын айтқан.

"Рақымшылық аясында оның 11 ай мерзімі қысқарып, ең үлкен сый — отбасына оралу мүмкіндігіне ие болды", - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Маңғыстауда бұзақылық жасаған жасөспірімге рақымшылық жасалғанын хабарлаған едік.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: