Әуе арқылы жедел эвакуация: Қазалы тұрғыны ауруханаға тікұшақпен жеткізілді

Әуе арқылы жедел эвакуация: Қазалы тұрғыны ауруханаға тікұшақпен жеткізілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.08.2025 14:58 Сурет: видео скрині
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты "Қазәуеқұтқару" мекемесінің әуе кемесі Қызылорда облысында шұғыл медициналық эвакуация операциясын сәтті жүзеге асырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға Қазалы ауданының Әйтеке би кентінде болды. Жергілікті тұрғын жедел түрде облыс орталығына жеткізілді.

Тікұшақ рейсі экипаж командирі Баймұса Өркен мен екінші ұшқыш Ахметов Расулбектің басшылығымен орындалды.

Ұшу алдындағы дайындық жұмыстарын жетекші инженер Зекеев Ерсұлтан, авиатехник Жұмабеков Асхат және жүргізуші-оператор Құлмаханов Асқар қамтамасыз етті.

Экипаж бен медицина қызметкерлерінің үйлесімді әрі жедел әрекетінің арқасында науқас адам Қызылорда қаласындағы медициналық мекемеге уақытылы жеткізіліп, қажетті медициналық көмек көрсетілді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: