Қарағандыда ер адамнан ірі көлемде есірткі тәркіленді

Қарағандыда ер адамнан ірі көлемде есірткі тәркіленді, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.08.2025 14:28 Сурет: polisia.kz
Қарағанды облысында полиция ер адамнан ірі көлемде есірткі тәркіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қарағанды қаласында Теміртау қалалық полиция басқармасы есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері "Қарасора" жедел алдын алу іс-шарасы аясында ірі көлемдегі есірткі айналымына тосқауыл қойды.

"Жүргізілген кешенді жедел іс-шара барысында 35 жастағы қала тұрғыны 5 грамм гашишті өткізбек болған сәтінде ұсталды. Жедел түрде оның тұрғылықты жеріне тінту жүргізіліп, пәтерінен бір келіден астам гашиш табылып, тәркіленді",- делінген ақпаратта.

Сонымен қатар электронды таразылар, арнайы қаптамалар және өзге де құрал-жабдықтар алынды.

"Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті қамауға алынды. Тәркіленген есірткі мен айғақ заттар сараптамаға жіберілді",- делінген ақпартта.

Бұған дейін Қазақстанда динамикалық бақылауға жататын аурулар тізімі кеңейтілгендігі хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: