Астанада жалған нөмірмен көлік басқарған жүргізуші ұсталды

Полиция, полицейский, полицейские, патрульная полиция, патруль, сотрудники полиции, правоохранительные органы, погоны, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.08.2025 14:43 Фото: Zakon.kz
Астанада жалған нөмірмен көлік басқарған жүргізуші ұсталды. Бұл туралы бүгін, 2025 жылғы 25 тамызда ҚР ІІМ мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Таратылған ақпаратқа сүйенсек, Тоқпанов көшесінде патрульдеу барысында полицейлер BMW автокөлігін тоқтатты. Рөлде 37 жастағы елорда тұрғыны отырған. Тексеру кезінде мемлекеттік тіркеу нөмірлері бұл көлікке тиесілі емес екені анықталды.

"Құқық бұзушы өз нөмірлері әлі рәсімделмегендіктен, оларды басқа көліктен шешіп алғанын түсіндірген. Алайда мұндай әрекеттер заңмен қатаң тыйым салынған және өрескел құқық бұзушылық болып саналады. Жүргізуші біле тұра жалған нөмірмен көлік басқарғаны үшін жауапкершілікке тартылды".

Сот шешімімен оған әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалып, бір жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылды.

Ал автокөлік айып тұрағына қойылды.

Полиция бөгде немесе жалған нөмірлі көлікті пайдалану – "айлакерлік" емес, заңды тікелей бұзу екенін ескертеді. Мұндай "тюнинг" қамауға алумен, жүргізуші құқығынан айырумен және ауыр салдарлармен аяқталады.

Бұған дейін Қарағандыда ер адамнан ірі көлемде есірткі тәркіленгені хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: