Астанада күдікті ер адамның телефонын тартып алып, өзін итеріп жіберген

Астанада күдікті ер адамның телефонын тартып алып, өзін итеріп жіберген, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.08.2025 22:25 Сурет: polisia.kz
Астанада ер адамның телефонын заңсыз иемденген күдікті анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кешкі уақытта белгісіз біреу 51 жастағы азаматтың қасына келіп, уақытты сұраған сәтте оның қолындағы телефонын тартып алып, иесін итеріп жіберіп, оқиға орнынан қашып кеткен. Осыған байланысты жәбірленуші полицияға арызданды.

Тексеру барысында белгілі болғандай, үш жасөспірім Бозбұйық көшесімен кетіп бара жатқан. Олардың бірі жолда кездескен жасы үлкен, аяғын сылтып басып келе жатқан ер адамның телефонын тартып алуды ойға алған.

Сарыарқа аудандық криминалдық полиция қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде күдікті ретінде жасөспірім ұсталып, ол қылмыс жасағанын мойындады.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркелді. Ұрланған телефон тәркіленіп, иесіне қайтарылды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: