Астанада полицейлер қарияны телефон алаяқтарынан құтқарып қалды
Сурет: polisia.kz
Көшеде жүрген ер адам қарияның телефон арқылы белгісіз біреулерге ақша жібермек болғанын байқап қалған. Күдіктенген ол дереу полицияға хабар берген.
Оқиға орнына жеткен полиция қызметкері Ұлықбек Жұмағұлов телефонның ар жағындағы алаяқтармен сөйлесіп, олардың әрекетін тоқтатты.
Осылайша, қала тұрғынының қырағылығы мен полицияның жедел әрекетінің арқасында телефон алаяқтарына тосқауыл қойылып, қарияға көмек көрсетілді.
Жағдайды толық анықтау үшін қария полиция бөліміне жеткізілді. Ал оқиғаға бейжай қарамаған қала тұрғынына тәртіп сақшылары қырағылығы үшін алғыс білдірді.
Сақшылар мұндай жағдайда әңгімені дереу тоқтатып, полицияға хабарласу қажеттігін еске салды.
Еске салайық, бұған дейін БҚО-да полицейлер 1,3 млн теңгенің алаяқтарға аударылуына жол бермегенін хабарлаған едік.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript