Жаңалықтар тізбегі
0

Қостанайлық полицейлер өз-өзіне қол салмақ болған аруды құтқарды

Есірткі саудасымен айналысқан адамдар ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.06.2023 14:12 Сурет: Zakon.kz
18 жасар қыз үлкен көпірге жақын маңда өмірімен қош айтысуды шешкен. Ол Тобыл өзенінің ортасына қарай кеткен. Оны сол жерден өтіп бара жатқан жүргізушілер байқап, полицияға хабар берген.

Оқиға орнына Қайрат Қожахметов пен Мақсат Бәкіржан құрамындағы автопатруль қызметкерлері жедел келіп, қызды жағаға тез шығарып алды.

"Қоңырау түскен бойда біз бірден көпірге жеттік, қыз суда болды. Мен еш ойланбастан суға секірдім. Әріптесім мені жағалауда сақтандырып тұрды. Қыз тереңдікте болған жоқ, сондықтан оны жағаға тез шығарып, тексеріп, жедел медициналық жәрдемнің қолына тапсырдық", – деді Мақсат Бәкіржан.

Қазіргі уақытта полицейлер қыздың ата-анасын анықтап жатыр. Онымен психологтар жұмыс істейтін болады.

Мақсат Бәкіржан тәжірибелі полиция қызметкері, Ішкі істер органдарында 2013 жылдан бастап, ал Қайрат Қожахметов 2020 жылдан бастап жұмыс істейді. Жұмыс барысында олар азаматтарға бірнеше мәрте көмек көрсеткен.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: