Синоптиктер Алматы, Астана және тағы екі қала тұрғындарына ескерту жасады

Смог, загрязнение воздуха, выхлопы, пелена, дымка, смог в Алматы, загрязнение воздуха в Алматы, грязный воздух в Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.08.2025 10:25 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Бүгін Қазақстанның төрт қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) күтіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы "Қазгидромет" РМҚК мамандары мәлімдеді.

"2025 жылғы 28 тамызда Жезқазғанда, Балқашта, Алматыда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, түнде – Астанада", – деп жазылған гидрометорталығының сайтына жарияланған хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – бұл қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (дұрыс желдің болмауы, әлсіз жел, тұман, инверсия) үйлесімі, олар атмосфераның төменгі қабатында зиянды (ластанатын) заттардың жиналуына ықпал етеді.

Қолайсыз метеожағдай кезінде қала тұрғындарына, әсіресе автожолдарға немесе басқа ластанатын көздерге жақын жерде ашық ауада көп уақыт өткізбеу ұсынылады. Созылмалы өкпе, жүрек-қан тамырлары, аллергиялық аурулары бар адамдарға далада жүрген кезде қажетті дәрі-дәрмектерін бірге алып жүру қажет.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: