Ақтөбе мен Атырау тұрғындарына синоптиктер ескерту жасады

Смог, загрязнение воздуха, выхлопы, пелена, дымка, загрязнение воздуха, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.09.2025 10:18 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Қазақстанның екі қаласында бүгін қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) күтіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы бейсенбі күні "Қазгидромет" РМК ресми сайтында жарияланды.


"2025 жылдың 11 қыркүйегінде Ақтөбеде, түнде – Атырауда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болжанады", – делінген гидрометорталықтың хабарламасында.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфераның төменгі қабатында зиянды заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тынық ауа, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ кезінде қала тұрғындарына ашық ауада, әсіресе автожолдар мен басқа да ластау көздерінің маңында ұзақ уақыт болмауға кеңес беріледі. Ал тыныс алу жолдарының созылмалы аурулары, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық дерттері бар адамдарға сыртқа шыққанда қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып жүру ұсынылады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: