Жабылған шоттан да зейнетақы мен жәрдемақы алуға болады: Ұлттық банк қатаң шараларды түсіндірді

Деньги, тенге, национальная валюта РК, курс тенге, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.08.2025 12:18 Фото: Zakon.kz
Қаржы саласындағы алаяқтыққа қарсы күрес аясында Антифрод орталығының функционалы кеңейтілуде, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2025 жылғы 28 тамызда Қазақстан Ұлттық банкінің баспасөз қызметі мәлімдеді:

Қазақстан Ұлттық Банкі қаржы нарығындағы алаяқтық операцияларға қарсы іс-қимыл шараларын күшейтуге, Ұлттық Антифрод-орталықтың функционалын кеңейтуге, алаяқтық әрекеттерден зардап шеккен азаматтарға қаражатты қайтару ісін жеңілдетуге бағытталған заңнамалық түзетулер қабылданғанын хабарлайды.

Енді алаяқтық белгісі бар транзакциялар бойынша бұғатталған қаражатты прокурордың санкциясымен тергеу органдарына хабарлау арқылы қайтаруға болады (бұрын сот шешімі қажет болған).

Бұдан басқа, Ұлттық Антифрод-орталықта заңсыз операцияларға тартылған күдікті төлем карталары мен электрондық әмияндардың дерекқоры құрылады.

Сонымен қатар, банктік шоты алаяқтық күдікке байланысты бұғатталған тұлғалар үшін зейнетақы, шәкіртақы, жәрдемақы немесе жалақы аясында жүзеге асырылатын әлеуметтік төлемдер мен өзге де ақша аударымдарына қолжетімділік сақталады.

Қаржы ұйымдары күдікті операцияларға сапалы талдау жүргізуі үшін алаяқтық белгісі бар транзакцияларды бұғаттау мерзімі 3 жұмыс күнінен 5 жұмыс күніне дейін ұзартылды.

Сондай-ақ, Қазақстанда "дропперлік" үшін қылмыстық жауапкершілікті енгізу, яғни банк картасының немесе шот деректерін алаяқтарға беру – маңызды заңнамалық норма саналады.

"Бұл өзгерістер алдау әрекеттеріне тезірек жауап беруге, алаяқтықпен, есірткі саудасымен, қаржы пирамидаларымен және заңсыз ойын бизнесімен тиімді күресуге мүмкіндік береді. Біздің мақсатымыз – Қазақстанда алаяқтық және өзге де заңсыз операцияларға қарсы іс-қимылдың тиімді жүйесін құру, осы қауіп-қатерлерге алдын ала шара қабылдау" – деп өтеді Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов.

Бұдан басқа, Ұлттық Антифрод-орталық өз базасын Бас прокуратурамен, Ұлттық қауіпсіздік комитетімен, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен және мобильді операторлармен біріктіреді.

Антифрод-орталықты дамытудың келесі кезеңі банктік қосымшалардағы күдікті белсенділікті анықтайтын және банкаралық деңгейде күмәнді аударымдарды бұғаттайтын жасанды интеллект технологиясын енгізу болады.

Анықтама: Қазіргі уақытта Ұлттық Банктің Антифрод-орталығына банктер, микроқаржы ұйымдары, телеком-операторлар мен мемлекеттік органдарды қоса алғанда 200-ден астам қатысушы қосылған. 80 мыңнан астам оқиға тіркелді, соның нәтижесінде 3 млрд теңге бұғатталды. Ұлттық Банктің Антифрод-орталығы 2024 жылы іске қосылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: