Депутат қаңғыбас иттерге қатысты қатаң шараларды түсіндірді

Бродячие животные, бездомные животные, бродячие собаки, бездомные собаки, бродячие псы, бродячая собака, бездомная собака, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.04.2026 15:10 Фото: pxhere
Мәжіліс депутаты Еділ Жанбыршин 2026 жылғы 8 сәуірде палатадағы брифингте "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" заңға енгізілген түзетулерде қарастырылған қаңғыбас иттерге қатысты қатаң шараларды түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Журналистер депутаттан қаңғыбас иттерге қатысты эвтаназия қолдану шарасы тым қатаң емес пе деген сұрақ қойды.

"Біз үшін ең қымбат құндылық – адам өмірі. Сондықтан заң жануардың өмірін қорғай отырып, баланы қорғамайтын болса, онда оны қайта қарауымыз керек. Бұл – біздің басым бағытымыз", – деді Жанбыршин.

Депутат заңның иттерге қарсы бағытталмағанын атап өтті.

"Менің баяндамамда тек жануарларға қатысты емес, кешенді шаралар қарастырылған. Бұл заң иттерге қарсы емес, қоғамның, адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған", – деп қосты ол.

Бұған дейін Мәжіліс депутаттары "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" заңға түзетулерді қабылдаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: