1 қыркүйектен бастап жабылады: Астана әуежайының жолаушыларына маңызды хабарлама
Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
2025 жылғы 28 тамызда Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының әкімшілігі жолаушыларға маңызды ақпаратпен жүгінді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әуежай әкімшілігі елордалық әуежайдың ұшу-қону жолағы уақытша жөндеуге жабылатынын еске салды:
- 1–4 қыркүйек аралығы;
- 8 қыркүйек – 31 қазан 2025 жыл (күн сайын сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін).
"Бұл уақытта рейстер кестесінде өзгерістер болуы мүмкін. Өз рейсіңіз туралы нақты ақпаратты әуе компаниясынан алдын ала тексеріп алыңыздар", – делінген Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының мәлімдемесінде.
2025 жылғы 19 тамызда Air Astana әуекомпаниясы Астана әуежайының ұшу-қону жолағының жөнделуіне байланысты рейстер кестесінің өзгергені туралы жолаушыларды ескерткен болатын. 20 тамызда FlyArystan да осындай мәлімдеме жасады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript